Алматыда тағы төрт BRT жолағы болады

23 Қаңтар 2021, 10:54
2103
Бөлісу:
Алматыда тағы төрт BRT жолағы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қаланы дамыту бойынша бас жоспар жобасында автобус жолағын оңтүстік бағытта — Әл-Фараби, Садықов, Асқаров бойына, солтүстік бағытта — Желтоқсан, Қабанбай батыр, Төле би және Шығыс айналма жол арқылы әуежайға дейін салу қарастырылған. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады.

Келесі BRT жолағы Жоғарғы Пятилеткадан бастап Жароков, Розыбакиев, Солтүстік айналма жол, Төменгі Пятилетка арқылы тағы сол әуежайға дейін созылады.

Үшіншісі Қалқаманда салынып жатқан автовокзал жақта, Райымбектен басталып Талғарға дейін жалғасады. Төртінші жолақ Орталық стадион мен цирктен басталып, Бөкейханов арқылы Көкқайнар мен Боралдайға жетеді. Ал бесіншісі Абай даңғылынан «Медеуге» дейін сызылады.

Алматыда тағы төрт BRT жолағы болады

Жүрдек трамвайлар Қаскелең мен Боралдай маңындағы индустриялық зонадан шығады да, Төле би, Байтұрсынов, Сәтбаев және Сейфуллин арқылы өтіп, Достық даңғылына дейін барады. Ал Торайғыров — Саин қиылысынан басталатын LRT Жароков, Төле би арқылы Бесағашқа бет алады, әрі қарай Алатау шағынауданына барады, - деп жазады kolesa.kz.

Үшіншісі Төле би — Жароков қиылысынан Мақатаев пен Сүйінбай арқылы өтіп, жолаушыларды Өтеген ауылына дейін жеткізеді.

Алматыда тағы төрт BRT жолағы болады

Жоба авторлары Қалқаманға дейін жетуі тиіс метро желісін «Райымбек батыр» бекетінен бастап қазып, Алматы-1 теміржол вокзалы мен салынып жатқан «Северный» автовокзалы арқылы Ынтымақ ауылына дейін жеткізуді ұсынды.

Екінші желі «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен бастап Райымбек даңғылының бойымен әуежайға дейін, ал үшіншісі Хан-тенгри шағынауданынан Солтүстік айналма жол маңындағы базарлар мен шағынаудандар арқылы әуежайға дейін созылады.

Алматыда тағы төрт BRT жолағы болады

Еске сала кетейік, бұл әзірше тек жоба, талқылау барысында ол өзгеріп, толығуы мүмкін. Оның үстіне құжатта BRT, LRT жолақтары мен метро желісін салу мерзімі жазылмаған.

Өзгелердің жаңалығы