Бас жаңалықтар
Алматыда ТЖД құтқарушыларының аллеясы пайда болды
PHOTO
06 Мамыр 2021, 17:45 291

Алматыда ТЖД құтқарушыларының аллеясы пайда болды

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар аллеясы Есентай өзені мен Мұқанов көшелерінің ортасында Бөгенбай батыр көшесінің бойында орналасқан. Бұл туралы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы гарнизонының тарихында алғаш рет ТЖД құтқарушыларына арналған аллеясы пайда болды. 

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы ТЖ департаменті 600 ден астам  ағаш отырғызды. Ағаш отырғызуға жалпы аумағы 0,4 га учаске бөлінді. Құтқарушылар аллеясы Есентай өзені мен Мұқанов көшелерінің ортасында Бөгенбай батыр көшесінің бойында орналасқан. Аталған аумаққа Құтқарушылар күніне арналған ескертіш орнату жоспарланған.  Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында барлығы 100  түп ағаш пен 500 түп бұта отырғызылды. Аумақты негізінен жапырақты ағаштардың қызыл үйеңкі, шырша, сәндік жұмақ тәріздес түрлері мен сәндік бұталар безендіріп тұрды,-делінген хабарламада.


Скверде  жаяу  жүргіншілер жолы салынады, орындықтар қойылып, көгалдандырылып, келушілерге барлық жағдай жасалмақ. Алдағы жылдары отырғызылған көшеттерді суарып қоректендіруге және профилактикалық  өңдеулер жасау үшін кешенді күтім жүргізу қарастырылған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, «Адамдардың өміріне қолайлы жағдай жасау-бұл Алматы қаласының дамуы үшін негізгі бөлік болып табылады». Қалалық ТЖД  аталған шараларға белсене  қатысуда. Тематикалық аллея құру қаламыздың гүлденіп көркеюі мен қадамдық қолжетімділігіне  өз үлесін қосады. 

Біз жыл сайын әртүрлі бағыттағы экологиялық акцияларды қолдап отырамыз. Ағаш көшеттерін отырғызу шараларына қызметкерлер де көптеп қатысып біздің мекеме үшін жақсы дәстүр болып қалыптасты. Бүгінгі еккен талдарымыз- Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлерге жасалған  құрмет  қана емес, қоршаған ортаны қорғауға да қосқан үлесіміз - дейді қалалық ТЖ Департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев.


ТЖ Департаментінің бастығы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға құрмет көрсетілетінін де атап өтті.

Ұлы Жеңіс туралы естеліктер біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады. Жеңіс туын алып берген ерлеріміз бен жеңіс қаруын қолдан жасап үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне үлкен құрметпен басымызды иеміз. Біздің ұйымдағы өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып зор құрметке ие болған, бүгінде мол тәжірибелерімен жас ұрпаққа үлгі болып отырған  ардагерлерімізді де ерекше құттықтағым келеді,- деді Департамент басшысы.

Аллеяның салтанатты ашылуында соғыс ардагерлері мен тыл және азаматтық қорғау ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Аталған акцияға өртке қарсы қызмет көрсететін алматы гарнизонының қызметкерлері қатысты.   Салтанатты іс-шараға Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Ливинская Наталья Игоревна қатысты


Ағаш отырғызу және акция өткізу барысында  санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.

Эпидемиологиялық жағдай аясында азаматтық қорғау органдары біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруды жалғастыруда.


Орта есеппен қаланың құтқарушылары жылына 3 мыңнан астам шақыртуларға жұмылдырылады жасайды, апат болған жерде 500-ден астам адам құтқарылады және 1000-нан астам адам қауіпсіз жерге эвакуацияланады.Төтенше жағдайларға күн сайын 279 адам, 81 бірлік техника  2 авиаборт жедел ден қою үшін дайын тұр,-делінген хабарламада.



Фото: дереккөз
Загрузка...