Алматыда ҰБТ басталды

6 Мамыр 2021, 11:56
1217
Бөлісу:
Алматыда ҰБТ басталды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ базасында ҰБТ бастады. Бір күнде екі лек болады, деп хабарлайды Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

ҰБТ-ға қатысушылар ұлттық униыерситет ғимаратының алдына сағат 7:30-да жиналды. Әр адамды тексеруден өтті: жеке басын сәйкестендіру, санитарлық өңдеу, сондай-ақ тыйым салынған гаджеттердің бар-жоғын визуалды тексеру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Жандос Құмғанбетов Биыл Алматыда 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыратынын хабарлады. Олардың әрқайсысының екі мүмкіндігі бар, бірінші кезең 10 наурыздан 26 сәуірге дейін өтті, ол жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік береді. Бүгіннен бастап 6 мамырда грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ басталды. Тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады.

Алматыда ҰБТ басталды

ҰБТ – ны екі лек бойынша өткіземіз, таңертең сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және түстен кейін сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл карантин шараларын сақтау мақсатында жасалды, әрбір оқушының өз дербес компьютері бар, ал нәтижесін тест аяқталғаннан кейін бірден білуге болады, - деді БҒМ өкілі Жандос Құмғанбетов.
Ұлттық тестілеу орталығының өкілі ҰБТ-ның электрондық форматы жаңа заман талабы екенін, оның үстіне ол оқушыларды қатты күйзеліске түсірмейтінін айтты.

ҚазҰУ базасында Ақпараттық қауіпсіздік қатаң сақталған, санитарлық нормалардың сақталуын, сондай-ақ аудиторияға тыйым салынған заттардың әкелінбеуін қадағалайтын қызметкерлер кезекшілік атқарады. Әзірге бұзушылықтар анықталған жоқ.

Алматыда ҰБТ басталды

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуын медицина қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қадағалайды. Тексерушілер, оның ішінде ювеналды полиция қызметкерлері бүкіл периметр бойынша бөлінді, олар тәртіпті қадағалап, тестілеу пунктіне бөтен адамдарды жібермеді.

Университет аумағына бөтен адамдарға рұқсат етілмейді, бірақ ата-аналарға процесті сырттан бақылауға рұқсат етілді, бірақ бірге келгендер аз болды. Тек қала маңында тұратын түлектердің ата-аналары келді.

Баласы үшін алаңдаушылық білдірген ананың бірі  Ләззат Нәбиева, оның ұлы  Іле ауданының №47 мектебін бітіреді. Әйел ұлы үшін қатты алаңдайды, бірақ, бәрі жақсы өтетініне сенімді, өйткені оның ұлы сынақ ретінде тест тапсырып жүрген кезде сәтті өткен.

Ол 120-125 ұпай жинап жүрген осы кезге дейін. Таңдаған пәні – физика. Бірақ әзірге болашақ мамандық бойынша әлі шешім қабылдамады. ЖОО таңдау үшін тест нәтижесін күтеміз. Ұлым өзіне электронды нұсқаның көбірек ұнайтынын, оған ыңғайлы екенін, бояуға кететін уақытты үнемдейтінін айтты, - дейді түлектің анасы Ләззат Садыққызы.

Сонымен қатар, ҚазҰУ-не кіре берісте тестіленушілерді санитарлық тексеру жүріп жатыр. Оқушылардың әрқайсысы дезинфекциялық туннельден өтіп, дезинфекциялық төсенішті басады. Сол жерде олардың  жеке бастарын сәйкестендіреді. Кіреберісте санитайзерлер орнатылған. Ал медицина қызметкерлері температураны өлшеп, жаңа бетперделер береді.

Алматыда ҰБТ басталды

Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін кіреберістің периметрі бойынша шектеу белгілері орнатылған. Бетперде режимі сақталған. 

Мен үшін ҰБТ тапсыру қиын емес, ол үшін дайындық курстарына да барған жоқпын. Бүкіл мектеп бағдарламасы менің басымда. Менің екі мүмкіндігім болды, бірақ біріншісінде жалпы нәтиже жақсы болса да, Қазақстан тарихы бойынша ұпайым жеткіліксіз болды. Екінші рет барлығын тапсырдым, бүгін ҚБТУ - ға грантқа түсу үшін тырысамын, - дейді Еламан Қалсейітұлы.
Еламанның айтуынша, электронды формат әлдеқайда ыңғайлы, берілген төрт сағаттың ішінде барлық пәндерді екі сағатта немесе одан да ертерек тапсыруға болады.
Менің сыныптастарым бланкілерді толтырғанды ұнатпайды және олар бұл форматты ойлап тапқандары жақсы болды дейді, - деп жалғастырды Еламан.
Жалпы пікірмен № 114 орта мектебінің оқушысы Яна Харламова да келіседі. Яна ғимаратқа алғашқылардың бірі болып кірді. Оның айтуынша, бүгінде ол дайындық ретінде тапсырып жүрген сынақтарға қарағанда жақсы дайындалған. Оқушыға жаңа формат ұнайды, бірақ ол өзімен бірге калькулятор алып келуді ұсынады. 

Алматыда ҰБТ басталды

Айта кетейік, биыл тестіленушілер Face-ID бойынша сәйкестендіруден өтеді. Оқушылар жеке тұлғалар мемлекеттік базасы арқылы тексеріледі. Тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) анықтау үшін отандық прокторинг жүйесі де қолданылады. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады.

Биыл ҰБТ тапсыруға кететін шығын айтарлықтай қысқарады. Сұрақ кітапшаларын, жауап парақтарын және басқа құжаттарды басып шығарудың қажеті жоқ. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, ҰБТ-да 600 миллион теңге үнемдейді. Келесі жылдары бұл сома азаяды, өйткені биыл ҰБТ-ны электронды форматқа ауыстыру шығындары болды.


Өзгелердің жаңалығы