Алматыда учаскелік полицияға оқ атылды

4 Тамыз 2020, 15:57
1642
Бөлісу:
Алматыда учаскелік полицияға оқ атылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда есірткі қабылдап масаң күйде болған ер адам учаскелік инспекторды атып тастады.


Белгілі болғандай "102" нөміріне әйел адам хабарласып, отбасылық жанжалдан соң күйеуі өзін өлтіргелі жатқанын хабарлаған.
Бұл хабарламаға бірінші болып жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режепов әрекет еткен. Әуезов пен Қарасай батыр көшесінің қиылысында орналасқан сол үйдің алдына келгенде полиция қызметкерлері оқ атылғанын естиді. Учаскелік полиция одан қашып үлгерді, ол зардап шеккен жоқ,-делінген Алматы қаласы ПД-нің хабарламасында.
Полиция арнайы жасағы оқ атқан адамды сол жерде ұстаған. Ол 1983 жылы туған В есімді азамат болып шықты.  
Ол өзі атына тіркелген қарудан оқ атқаны белгілі болды. Қылмыс барысында ол есірткі қабылдап, масаң күйде болған. Қазір ол Алмалы ауданы Полиция басқармасына жеткізілді,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы