Бас жаңалықтар
Алматыдағы көпқабатты үйлерді залалсыздандыруға 70 бригада тартылған
01 Сәуiр 2020, 12:29 165

Алматыдағы көпқабатты үйлерді залалсыздандыруға 70 бригада тартылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта заласыздандыру жұмысына күніне шамамен 70 бригада, 500-ден астам адам жұмылдырылған. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев брифингте айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша ең ірі тұрғын үй қоры бар. Оған шамамен 8,5 мың көппәтерлі үйлер, 23,5 мың кіре беріс және 4 мыңнан астам аула кіреді. 
Осы жылдың 25 наурызынан бастап төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың шешімімен және Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  ұсынысына сәйкес мамандандырылған компаниялар тұрғын үй қорын жаппай  залалсыздандыруды бастады. Жұмыстың үлкен көлемін ескере отырып барлық аудандарда залалсыздандыру үш күнге бөлініп, олардың жалпы санының кемінде еңбек күніне 33% қамтылады. Осылайша көпқабатты үйлердің кіре берістері мен аулалары кестеге сәйкес аптасына екі рет өңделеді, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол жұмыс кестесін жариялау бойынша бірқатар түзету енгізілгенін айтты.
Бұл жұмыстар өткен аптада басталған, залалсыздандырудың бірінші кезеңінің тәжірибесін ескере отырып оларды түзеттік. Енді кестелер әкімдіктің сайты мен әлеуметтік парақшаларында қолжетімді. Сонымен қатар үйдің кіре берістерінде және ақпараттық тақтада орналастырылған, - деді Мейіржан Отыншиев. 
Сонымен қатар, ол барлық тартылған мердігер ұйымдар тиісті еңбек ресурстарына және материалдық жабдықтарға ие екенін айтты. Қазіргі уақытта жұмысқа күніне шамамен 70 бригада, 500-ден астам адам жұмылдырылған. 

Өңдеуде қолданылатын өнімдер сертификатталған және адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз. Олар вирустың қоздырғыштарына, жедел респираторлы вирусты инфекцияларға қатысты микропқа қарсы белсендікке ие. Медициалық ұйымдарда, мектептерде және балалар мекемелерінде бактериялқы, вирустық, саңырауқұлақ этиологиясының, әсіресе қауіпті және карантиндік инфекциялардың ошақтарында профилактикалық, дезинфекциялық жұмыста қолданылады. Олар Қазақстан Республикасы және ЕАЭО аумағында қолдануға рұқсат етілген, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...