Алматыда жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтеді

10 Желтоқсан 2019, 23:44
3660
Бөлісу:
Алматыда жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-15 желтоқсанда Алматыдағы республикалық спорт колледжінде жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жарысқа екі жас санатындағы спортшылар қатысады. 

Жасөспірімдер арасында 60, 200, 400, 800, 1500 метрге жүгіруден, 60 метрге кедергілер арқылы жарысудан, 3000 метрге созылатын спорттық жаяу жүрістен, биіктікке, ұзындыққа секіруден, сырықпен секіру, үш қарғып секіру және ядро лақтырудан өзара үздіктерді анықтайды. 

Жарыста жалпы есепте 44 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.   

Өзгелердің жаңалығы