Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды

27 Қаңтар 2021, 11:55
1655
Бөлісу:
Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Тимур Қаленов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14%-ға өсуі күтілген. Алайда, Мемлекет басшысының халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау үшін энергия көздеріндегі тарифтер төмендетілген. Нәтижесінде, халық үшін тариф 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдырылыпты.

2020 жылы халық үшін жылу энергиясына тариф өзгерген жоқ және 4294,6 теңгені құрайды. Бұдан басқа, халыққа арналған тарифтер көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап -2%-ға, сондай-ақ 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында -10%-ға төмендеді, әсіресе, төтенше жағдай кезінде ыстық су тарифі төмендеді, - дейді Қаленов.

Сонымен қатар, 2020 жылғы дерек бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халық үшін жылумен жабдықтауға арналған тариф 3%-ға төмендетуге қол жеткізілген. Халық үшін үнем 552 млн теңгені құраған.

Сөз арасында ол департамент 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейін бекіткенін жеткізді.

Соған сәйкес сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 44,65 теңге/м3 кезінде -4%-ға 42,86 теңге/м3 дейін, су бұру қызметтері бойынша тариф 23,14 теңге/м3 мөлшерінде -0,1%-ға 23,12 теңге/м3 дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында сумен жабдықтау және су бұру тарифтері төтенше жағдай кезінде -10%-ға төмендеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы