Алматыда жылыту маусымы аяқталды

14 Сәуір 2021, 03:29
2003
Бөлісу:
Алматыда жылыту маусымы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда күннің жылынуына байланысты жылыту маусымы аяқталды.

Алматы қаласында ауа температурасы тәуліктегі орташа тұрақты +8º С градусқа жеткендіктен қалалық әкімдік 2020-2021 жж. жылыту маусымын 13 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС. 
Жылыту маусымының аяқталуына байланысты «Алматы жылыту жүйесі» ЖШС жылу энергиясына төленетін төлемді қайта есептейді. Тұтынушылар қаржысын қайта есептеу және қайтарып беру биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асады.


Өзгелердің жаңалығы