Алматыдағы автобус апаты. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

1 Наурыз 2021, 18:24
1894
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. 27 ақпан күні Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында автобус қағып кеткен әйелдердің бірі көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Өткен сенбі күні жаяу жүргіншілер жолында қоғамдық көлік қағып кеткен 1963 жылы туған әйел түнде қайтыс болды, - делінген хабарламада. 

27 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Жол-көлік апатынан 5 адам зардап шекті.

Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, соның салдарынан рөлге ие бола алмай қалған.

Еске салсақ, 27 ақпан күні Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болып, бірнеше адам зардап шеккен еді.

Өзгелердің жаңалығы