Бас жаңалықтар
Алматыдағы әйелдер аллеясына 200 көшет отырғызылды
07 Наурыз 2021, 05:36 341

Алматыдағы әйелдер аллеясына 200 көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда алғашқы әйелдер аллеясы ашылды. Көшбасшы әйелдер 200 каштан және сирень көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көгалдандыруға Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская, Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкобаева, Мәжіліс депутаты Айжан Скакова, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Алтынай Көбеева, Әсия Ақанова, Жансая Абдумалик, Қоғамдық кеңесінің мүшелері Зульфия Байсакова, Жанат Касымжанова, Іскерлік кеңес өкілдері Акеркин Эралиева, бизнес-қоғамдастықтары қатысты.

Шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған. Ұйымдастырушылар Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы мен Жетісу ауданы әкімінің аппараты болды. ЖЭБ көшеттермен және отырғызуға қажетті барлық заттармен қамтамасыз етті.

Қазіргі әлемде әйелдердің рөлі ерлер сияқты маңызды. Бүгінде әйелдер қоғам өмірінде, қалаларда, саясатта, экономикада, медицинада және басқа салаларда қызмет етеді. Біз әйелдерді символдық түрде ағаш отырғызуға шақырдық және бұл жерге «Әйелдер Аллеясы» деп ат қойдық. Бұл – еркіндіктің, даналықтың, сұлулық пен батылдықтың символы. Бұл әйел адамнан алынбайтын нәрсе, – деді Алматы жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская.

Әйелдер аллеясы Жетісу ауданының Көкжиек ықшамауданында орналасқан. Бұл аумаққа барлығы 4500 көшет отырғызылады. Көгалдандырудың арқасында бұл аумақ дамиды.

Жасыл экономика басқармасы ағаш отырғызып қана қоймай, оларды екі жыл ішінде күтіп-баптау маңызды екенін қосты. Отырғызылған жасыл желектерді үнемі суару, санитарлық кесу, минералдандыру және топырақты қопсыту қажет.

Биылғы жылы 350 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Ал үш жылдың ішінде 1 миллион жасыл желек отырғызылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...