Алматыдағы блок-бекеттерден арнайы рұқсаты бар адамдар ғана өте алады

20 Мамыр 2020, 16:36
2066
Бөлісу:
Алматыдағы блок-бекеттерден арнайы рұқсаты бар адамдар ғана өте алады
Фото: дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаланың кіреберісіндегі 25 блок-бекет карантин режимінде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бекеттердің жұмысына Қорғаныс министрлігінің әскерінен бөлек, ПД-нің жеке құрамынан 700-ге жуық адам жұмылдырылған.

Ең танымал бағыттағы жолдарда бірнеше күн бойы кептелістер байқалды. Олар ең алдымен карантин режимін босаңсытуға байланысты болып отыр. Кейбір азамат карантиннің тоқтатылуымен шатастырады, сондықтан олар қалаға кіруге немесе керісінше, қаладан шығуға тырысады, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қалада карантин режимінің жойылмағанын тағы ескертіп, халықты қалаға кірмей тұра тұруға шақырды.

Бақылау-өткізу пунктерінен тек Жедел штаб мәліметтері тізімінде енгізілген азаматтар ғана өте алады. Жүк көлігін қоспағанда, әр көлік құралын тексеруге белгілі бір уақыт кетеді. Осыған байланысты біз азаматтарды өз үйлерінен негізсіз шығып кетпеуге шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз, - деді Таймерденов.

Сонымен қатар, ол қалада әскери қызметкерлермен бірге күнделікті 2 мыңға жуық тәртіп сақшысы жаяу патрульдеуге шығатынын айтты. Олардың басты мақсаты қоғамдық тәртіпті күшейту, бақылау. Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты кейбір азаматқа қауіпсіздік жұмыстарын түсіндіру. 

Блок бекеттерде күніне 700-дей қызметкер жұмыс істейді. Олардың бәріне маска мен қолғаптар беріліп тұрады. Блок-бекетте арнайы қауіпсіздік киімін киген қызметкерлер адамдардың дене қызуын, рұқсат қағаздарын тексеруде, - деді ол. 

Оның айтуынша, 11 мамырдан бастап қалаға сырттан кіретін көлік саны 20% арқан. 

Жалпы карантин кезінде жол ережесін бұзған 2294 адамды ҚР ҚК 476-бабы бойынша жауапқа тарттық. Олардың жартысынан көбін сот кінәлі деп тауып, айыппұл төлетті. Карантин кезінде Алматыдағы қылмыстық жағдай 30-40% төмендеді. Сонымен қатар, жол бойындағы апатты жағдай да азайды. Қалада 400-ден астам сергек камерасы орнатылған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы