Алматыдағы Түрксіб ауданында өзен арналарын тазарту жұмыстары жалғасуда

29 Қазан 2020, 10:07
1312
Бөлісу:
Алматыдағы Түрксіб ауданында өзен арналарын тазарту жұмыстары жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. Жаз басталғалы бері аталған ауданда 93 мың текше метр қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Facebook-тегі парақшасында жазды.

Аудан әкімінің айтуынша, өзен арналарын тазалау жұмыстары күнде жүргізіледі.

Осы бағыттағы күнделікті жұмыстарға қарамастан, шығарылатын қоқыс көлемі төмендемейді. Өзен арналарында стихиялық қоқыс үйінділері пайда болып жатыр, мұнда құрылыс және тұрмыстық қоқыстар қалдырылады. Жаз басталғалы бері 93 210 текше метр қоқыс шығарылды, күн сайын жұмысқа 2 бірлік арнайы техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылады, - деп жазды ол.

Түрксіб ауданында Қарасу, Бас Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ және Сұлтан Қарасу өзендерінің 5 арнасы ағып өтеді.

Табиғатқа деген осындай көзқарастың зиянды әсері туралы барлығы біледі және қолда бар табиғи ресурстарды барынша қорғау біздің ортақ міндетіміз болып табылады. Осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болған тұрғындарды аудан әкімі аппаратының абаттандыру бөліміне 235-26-92 және +7 747 179 9256 нөмірі бойынша хабарлауға шақырамыз,-деп жазды Ақжаров.
Өзгелердің жаңалығы