Бас жаңалықтар
Алматыға қалыңдығы 20 см қар жауды
VIDEO
25 Ақпан 2021, 09:15 256

Алматыға қалыңдығы 20 см қар жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 24-25 ақпанындағы қар тазалау бойынша ақпаратты таратты. Айтуынша, қалаға 20 см, ал тау бөктерінде 35 см қар жауған.

24 ақпанда Алматы қаласында сағат 16.00-де жаңбыр мен қар жауа бастады, ол 25 ақпанда сағат 01.00-де ауа температурасының минус 10 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қарға айналды.

Сағат 06.00-ге дейін қалада 15-20 см, таулы және тау бөктерінде 25-35 см қар жауды.


Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. 


Қар тазалау жұмысына 560 техника бірлігі, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3 540 тонна материал пайдаланылды.


03.00-ден бастап қар күреу үшін колонналар жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, үстіңгі өткелдерді және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстары басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды сыртқа шығару жоспарланған.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...