Алматыға кірмек болған 3 шетелдік ұсталды

31 Наурыз 2020, 17:02
1958
Бөлісу:
Алматыға кірмек болған 3 шетелдік ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтудің жолын кесу фактілері жалғасуда. 

Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, қаладағы пост-бекеттерді айналып өткісі келетіндер қатарында шетелдіктер де бар екен.

Жақында Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Боролдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда, бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы - төтенше жағдайды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлады Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Өзгелердің жаңалығы