Алматыға үш айда 191 млрд теңге инвестиция тартылған

23 Сәуір 2021, 14:29
1589
Бөлісу:
Алматыға үш айда 191 млрд теңге инвестиция тартылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, карантиндік шектеу шараларына қарамастан 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша қалаға тартылған инвестициялардың көлемі 34,5%-ға өсіп, 191 млрд теңгені құраған. Инвестиция көлемі бойынша қала Атырау облысынан кейін екінші, ал өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қалаларынан кейін үшінші орынға ие болған.

Қаңтар-наурыз айларының ішінде сыртқы инвестициялардың көлемі – 33,4 млрд теңгені, нақты көлемінің индексі – 185,1%-ды, ішкі инвестициялардың көлемі – 157,6 млрд теңгені, нақты көлемінің индексі – 127,1%-ды құрады. Инвестициялар үш көзден тартылды, оның негізгі үлесі кәсіпорынның меншік иелерінің өздеріне – 68,8% (131,5 млрд теңге), қарыз қаражаттарына – 17,4% (33,1 млрд теңге), мемлекеттік бюджетке – 13,8% (26,4 млрд теңге) тиесілі болды, - деді басқарма басшысы.


Осы жылғы қаңтар-наурыз айларында инвестициялардың айтарлықтай көлемі мына салаларға тартылған: жылжымайтын мүлік – 82,9 млрд теңге, көлік және қоймалау – 25,6 млрд теңге, өнеркәсіп – 15,1 млрд теңге, қаржы және сақтандыру қызметі – 14,7 млрд теңге, ақпарат және байланыс саласына – 8,1 млрд теңге.

Сонымен бірге 2021 жылы 9,5 бірліктен астам жұмыс орнын құра отырып, сомасы 362,1 млрд теңгені құрайтын 86 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы