Бас жаңалықтар
Алматылық әйел 20 жыл құжатсыз жүрген
19 Сәуiр 2021, 12:45 190

Алматылық әйел 20 жыл құжатсыз жүрген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 49 жастағы алматылық әйел және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталды. Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысына жүгінді.

Денисова Ольга Сергеевна 1972 жылы туған. 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген.

О. Денисованың 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының да жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ. Қазақстан заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен О.С. Денисова және оның балалары 20.12.1991 жылғы No1017-X11 «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтары деп танылды. Сәйкесінше оларға Қазақстан азаматының жеке куәліктері берілді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Ольга Денисованың қызы өз кезегінде отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді. 

Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен Қазақстан Президентіне, ІІМ КМС, Алматы қаласының Қөші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді, – деп қорытындылады Александра Денисова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...