Алматының ауасын тазартумен айналысатын қор құрылды

15 Ақпан 2020, 02:23
1450
Бөлісу:
Алматының ауасын тазартумен айналысатын қор құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі кәсіпкерлер Берік Қаниев пен Алексей Ли Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты мәселелерді шешу үшін "AirVision.kz" қоғамдық қорын құрды. 

Бұл туралы бүгін қазақстандық баспасөз клубында өткен мәслихатта белгілі болды, деп жазады 7kun.kz.

Берік Қаниевтің айтуынша, өздерінің басты міндеті – алдағы бірнеше жылдың ішінде Алматы қаласының ауасын тазарту. Бұл мәселені шешу үшін қор мемлекеттік органдар, азаматтық сектор, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшы қоғамдастықпен әріптестікті көздеп отыр.

Алматы ауасының ластану мәселесін шешудегі алғашқы қадам – заманауи мониторингтеу жүйесін құру болып табылады, ол жүйеден келіп түскен мәлімет барынша толық, дұрыс болуы тиіс, – дейді ол. 
Алексей Лидің айтуынша Алматыда ауа сапасын мониторингтейтін толыққанды жүйе жоқ. Барлық мәлімет әр түрлі, олар жеткіліксіз.
Ол аздай, мемлекеттік органдардан келетін ақпаратқа қоғамдық белсенділер сенбейді, ал белсенділердің мәліметіне мемлекеттік органдар сенбейді. Шиеленіскен бұл жағдайды шешу үшін, біз азаматтық және мемлекеттік сектордағы серіктерімізбен бірге бірегей жүйе құруға дайынбыз. Ол жүйеден түскен тұжырымдамалар барлық мүдделі тараптар үшін заңды болады. Мұндай мониторингтеу жүйесі пайда болмайынша, ауаны бәрінен де жылу электр станциясы ма, автокөліктер немесе жекеменшік сектор ластандырып тұрғаны жөнінде дау-тартыс өрши береді, – дейді кәсіпкер.
Қор өкілдері тәуелсіз эко-мониторингпен айналысатын әріптестеріне де көмек қолын созатындарын баса айтып өтті. Әсіресе Павел Александров пен AuaGroup бастамаларының бір бөлігін қаржыландырмақ. Дәл мониторингтеу жүйесін құруға кететін шығын, алдын-ала болжау бойынша, жүздеген миллион теңгені құрауы мүмкін, сол себептен қор құрылтайшылары бизнес-қауымдастықтан өз бастамаларына қолдау көрсетулерін сұрады. 
Бүгінде экология мәселесі негізінен эко-белсенділер мен билік өкілдерін толғандырып тұр. Біз үшінші күш – бизнес-қауымдастықты да осы мәселеге жұмылдырғымыз келеді. Кәсіпкерлер – бұл елдің көшбасшылары, осы үрдістің басы қасында жүруге міндетті, әрі жүре алады. Еліміздегі жауыр болған экологиялық тауқіметтерді шешуде бизнес өкілдері нақты көмек көрсете алатынына сенімдіміз, – дейді Алексей Ли.

Өзгелердің жаңалығы