23 медицина докторын дайындаған профессор «Алматының Құрметті азаматы» атанды

19 Қыркүйек 2020, 18:23
1681
Бөлісу:
23 медицина докторын дайындаған профессор «Алматының Құрметті азаматы» атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қала күні қарсаңында Гинекология және перинатология, акушерлік орталығының бас ғылыми қызметкері Нина Каюповаға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын берді.

Нина Каюпова - қазақстандық акушер-гинеколог дәрігер, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР профилактикалық медицина Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әлемнің Президенттік және рухани келісім премиясының лауреаты.

Нина Каюпова «Отбасылық үлгігідегі балалар ауылдары туралы»,«Жасөспірімдер үйлері туралы»,«Жасөспірімдердің құқықтары туралы» заңдардың бастамашысы болып саналады.

Одан бөлек, ол әлемнің 35 елінде Қазақстанды лайықты дәрежеде таныстырып, БҰҰ жағдайы жөніндегі Комисссия жұмысына қатысты.

Нина Каюпова С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық институтының акушерлік және гинекология кафедрасында 15 жыл дәріс оқыған. Ол медицина ғылымдарының 38 кандидаты мен 23 докторын дайындап шығарған. 19 монографияның, 400-ден астам ғылыми мақала авторы.

Алматы күні қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының 18 қыркүйекте өткен XVII сессиясының VI шақырылымында ондаған белгілі жеке тұлғаға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы  берілді. Құрметті наградаға ие болғандардың арасында мегаполистің дамуына үлес қосқан түрлі салалар мен мамандықтардың өкілдері, түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері бар.

Өзгелердің жаңалығы