Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады

20 Қыркүйек 2020, 15:37
1626
Бөлісу:
Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күні Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ТЖД қызметінің техникалық жарақтануымен танысты. 

Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады

Мегаполистің тыныс тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша техногенді және табиғи сипатта болатын ТЖ зардаптарын жою, уақтылы әрекет ету үшін жедел-құтқару қызметтерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері әрі қарай шешілуде.

Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады

Бүгінде өрт сөндіру және инженерлік-техникалық жабдықтар Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде, оның ішінде биік ғимараттардағы өртті сөндіру баспалдақтары, автоцистерналар, байланыс және жарықтандыру машиналары, көп мақсатты өрт сөндіру машиналары, жанармай құю цистерналары және Toyota Hilux пикаптарына негізделген авариялық-құтқару машиналары, өрт мотоциклдері бар, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлардың күштері мен құралдарымен танысқан қала әкімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сағынтаевтың айтуы бойынша, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау - бірінші кезектегі міндет.

Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады

Өрт сөндіру бекеттерін салу кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Алатау және Наурызбай аудандарында екі өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталды. Бұл өрт сөндіру жасақтарының алыс аймақтарға келу уақытын қысқартады.

Жыл сайын Алматының құтқару бөлімшелері мыңнан астам шақыртуға барады

Жыл сайын қаланың құтқару бөлімшелері орта есеппен мыңнан астам сапар жасайды. 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылады. 500-ден астам зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы