Алмаз Ибрагимов: Ұрық донорының анкетасында оның руы көрсетіледі

28 Қыркүйек 2020, 19:05
1959
Бөлісу:
Алмаз Ибрагимов: Ұрық донорының анкетасында оның руы көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған дәрігер-репродуктолог Алмаз Ибрагимов жалпы ұрықтандыру жолы турасында айтып берді.

Арнайы донорлар банкі бар. Мысалы, 50 азаматты зерттейтін болсақ, оның 3-4-еуі ғана жарамды болып шығады. Азаматтарға ақы төленеді. Көп емес, себебі, ол бағдарламаның құнын қымбаттатып жібереді. Оның үстіне донор болғысы келетін азаматтар да аз. Ер-азаматтың аты-жөні құпия сақталады, - дейді ол.
Дәрігер ұрық донорының анкетасында міндетті түрде донордың руы көрсетілетінін айтады.
Қазақстан бойынша барлық эко-орталықтарда белгілі бір келісім негізінде шектеу бар. Біздің орталықта бір донордың ұрығы он бағдарламадан артық пайдаланылмайды. Он бағдарламада нәтижелілігі 40% болғанның өзінде 4 бала туды делік, сонымен шектеу қойылады. Мүмкін ол донор басқа клиникаға барып, донор бола беретін шығар. Бұл мәселені біз де көтеріп келеміз. Жалпы, донорлардың ортақ базасы болуы керек. Біздің орталықта ұрық донорының анкетасында міндетті түрде донордың руы көрсетіледі. Қазір жастар арасында жеті ата тұрмақ, руын білмейтін азаматтар кездеседі. Донордың руын сұрамаған әйелдерге де біз міндетті түрде арнайы айтамыз. Бұл болашақта болып қалуы мүмкін инцесттің алдын алу үшін қажет,  - дейді ол. 
Айта кетейік, дәрігер бұған дейін ЭКО-ның қазіргі құны қанша екенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы