Алтай ауданының ауылдарында көшелер жарықтандырылуда

31 Шілде 2020, 23:15
1436
Бөлісу:
Алтай ауданының ауылдарында көшелер жарықтандырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай ауданына қарасты бірнеше ауылдың көшелеріне жарық орнатылуда, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Ауылдық жерлердегі ұсақ елді мекендердің көпшілігінде лайықты көше жарықтандырулары жоқ. Жергілікті тұрғындарға ол көп қолайсыздық тудырады, әсіресе, қыс кезінде, - дейді әкім.

Айтуынша, Малеевка ауылдық округінің ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға үлкен көңіл бөлініп отыр. Путинцево ауылының екі көшесіндегі жарықтандыруды энергия үнемдеуіш жабдықтарға ауыстыру жүргізілген. Ал Малеевск ауылында көше жарықтандырудың 3 желісі жөнделіп, шамдар ауыстырылды. Алдағы уақытта осы ауылдағы балалар алаңы да жарықтандырылып, бейне бақылау камералары орнатылады.

 

Өзгелердің жаңалығы