Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарын тексерді

15 Тамыз 2020, 17:18
1305
Бөлісу:
Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарын тексерді
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жөндеу жүріп жатқан әрбір мектепке, балабақшаға қатысты мәселе бар. Шатырынан бастап желдету жүйесіне дейін қарастыру қажет. Бүгін кешкілік аралау барысында бірқатар білім беру нысанда жүріп жатқан жұмыстарды қарадым. №84 мектеп-лицейі (Ұлы Дала даңғылы, 7/1 ) автономды жылыту жүйесінен орталық жылыту жүйесіне ауыстырылды. Мекеме директорының есебі бойынша, осы арқылы отынды 7 есеге үнемдеуге болады. Бұрын бұл мектепке автономды жылыту құны – 100 млн теңгеден асты, – дейді елорда әкімі.

Ахмет Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейінің (Жирентаев көшесі, 15/2) қасбеті жөнделіп, жаңа желдету жүйесі орнатылып жатыр. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған көтергіш орнатылды.

Оқу жылының басынан бастап 1-4 сынып оқушылары "кезекші топтарда" оқитынын ескере отырып, мектептерде арақашықтық сақтау қажеттілігі туралы жадынамалар әзірленді. Балалар парталарға шахмат тәртібімен отырады. Биыл барлығы 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз. 12 мектеп салып, пайдалануға береміз. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы