Америкалық бойжеткен Қазақстандағы ата-анасын іздейді

28 Мамыр 2020, 16:42
2037
Бөлісу:
Америкалық бойжеткен Қазақстандағы ата-анасын іздейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Әсия Бергер өзінің биологиялық ата-анасы Қуат және Құралай Ашқановтарды іздейді. Оның айтуынша, олар Қазақстанда тұрады деп хабарлайды zakon.kz. 

Бойжеткен 2000 жылы туған. 2001 жылы оны американдық отбасы асырап алып, Әсия Бергер деген есім береді. Отбасында екі әпкесі бар, бұл үйдің ортаншысы. Қазір ол Флорида штатында тұрады, сондағы колледжде оқиды.

Әсияның бұрынғы аты-жөні Салтанат Ашқанова .
 

Әңгімені былай бастайын: Менің атым – Эйжа Бергер. Бұл есімді маған американдық ата-анам берді. Менің алғашқы есімім – Салтанат. Дәл сол өңірде туғаныма сенімді емеспін, бірақ Семейден 2001 жылы 16 айлығымда асырап алған. Онда бір ғана балалар үйі бар. Мен өзімнің биологиялық ата-анамды табуды шештім. Мен мұны қалайтынымды әрдайым білдім, – деді ол Facebook пайдаланушысына берген сұхбатында. 

Ол өзінің асырап алынғанын білген. Мұны жасыру мүмкін емес, өйткені оның қазіргі ата-анасының түрі еуропалық.

Ата-анасы алғашқыда ұл бала асырап алғысы келгенін айтқан.

Оның биологиялық ата-анасының аты-жөні – Қуат және Құралай Ашқановтар. Бойжеткен оларды табуға бел буды, себебі қазір оның мүмкіндігі бар. Сонымен қатар америкалық ата-анасы да оған қолдау көрсетеді.
 

Өзгелердің жаңалығы