Америкалық әнші сахнада қайтыс болды

20 Қаңтар 2020, 11:22
1746
Бөлісу:
Америкалық әнші сахнада қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. 70 жастағы әнші Дэвид Олни Санта-Роза-Бич қаласында өтіп жатқан ән авторларының фестивалі барысында қайтыс болды. Бұл туралы әншінің досы Эми Ригби Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Олни орындықта отырып үшінші әнін орындап жатқанда кенет тоқтап, артынша кешірім сұрап, көзін жұмып отырды. Гитарист сол күйі қайта көзін ашпады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен әншінің өмірін сақтап қала алмаған.

Дэвид Олни 1948 жылы Провиденс қаласында дүниеге келген. Музыкант алғашқы жеке альбомын 1986 жылы шығарған. Осы уақытқа дейін әншінің 20-дан астам альбомы жарық көрген.
Өзгелердің жаңалығы