Бас жаңалықтар
Америкалық вакцинаның сынағына қатысуға мыңға жуық адам ниет білдірді
01 Тамыз 2020, 07:20 75

Америкалық вакцинаның сынағына қатысуға мыңға жуық адам ниет білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық "Джонсон энд Джонсон" компаниясы коронавируске қарсы вакцинаны адамдарға сынап көре бастады. Бұл туралы www.janssen.com сайты хабарлады.

Бұған дейін екпе маймылдарға жасалып, тәжірибе оң нәтиже берген. Зерттеу қорытындысы 6 аптадан кейін жануарларда COVID-19-ға қарсы иммунитет пайда болатынын көрсеткен. Қазір препарат Бельгия мен АҚШ-та сынақтан өтіп жатыр.

Компания мәліметінше, тәжірибеге қатысуға мыңға жуық ерікті ниет білдірген. Мамандар вакцина сынағының үшінші кезеңін қыркүйектің соңында бастауды жоспарлап отыр.
 
Барлығы ойдағыдай болса, қыркүйекте вакцина 30 мың адамға салынады. Бұл фазаның қанша уақытқа созылатыны әзір белгісіз. Тәжірибе жақсы нәтиже көрсетіп, сынақ аяқталатын болса, келер жылдың басында препарат қолданыла бастауы мүмкін, - деп мәлімдеген Гарвард медицина мектебінің профессоры, вирусолог Дэн Баруш.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...