Америкада коронавирустан алғашқы сәби көз жұмды

29 Наурыз 2020, 11:56
1195
Бөлісу:
Америкада коронавирустан алғашқы сәби көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттарында алғашқы сәби коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға Чикаго қаласында болған. Көз жұмған сәби 1 жасқа да толмапты.

Осыған дейін СOVID 19-дан сәби өлімі тіркелмеген. Оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, - дейді Иллинойс штатының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нгози Эзике.
Осыған дейін Қытайда қауіпті індетті жұқтырған бала қайтыс болған.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 664 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 40 мыңға жуық адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы