Бас жаңалықтар
Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде
06 Шілде 2020, 11:37 244

Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналды.

Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болды. Осының бәрі – Қазақстанның Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі дейді Анар Жаилғанова.

Қазақстан тарихында елорда атауы мен Елбасының есімі егіз ұғым. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев елорданы ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі. Ел астанасы - Қазақстан мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымал бренд және мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылнамасының ең жарқын бөлімі. Біздің елордамыз халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізілген, Еуразиялық континенттің орталығына айналды, - дейді ол. 

2010 жылы мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті.  2011 жылдың басында республика астанасы VII қысқы Азиада ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 

2017 жылы Нұр-Сұлтанда ауқымды шара - EXPO-2017 халықаралық көрмесі болып өтті. Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумдары өткізілді. Сондай-ақ бұл қалада Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу бойынша келіссөздер жүргізілді, ел астанасы барлық мүдделі елдердің өкілдерін жинаған маңызды келіссөздер алаңына айналды. 

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оның азаматтарының игілігі жолында орталық және жергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметшілердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы олар үшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні жасырын емес. Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын! 
Біздің елордамыз гүлденіп, одан әрі көркейе берсін, ал әрбір отбасының өмірі қуаныш, игілік және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын. Құрметті достар, бұл күні Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық және жетістіктер тілеймін, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...