Бас жаңалықтар
Анасына ауыр сөздер айтқан адам жауапкершілікке тартылды
15 Тамыз 2020, 22:45 238

Анасына ауыр сөздер айтқан адам жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Екібастұзда учаскелік полиция инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 171 азаматты жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұзда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 623 тұлғаға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Нұсқаманы бұзғаны үшін 43 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Екібастұз қаласында әйел адам өз үйінде мас күйде жанжал шығарып, өз атына балағат сөздер айтқан ұлына қатысты шара қолдану туралы полицияға жүгінді. Жәбірленушіні қорғау мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды, - деді баспасөз қызметінен. 
Қаланың мамандандырылған әкімшілік соты тұрмыстық саладағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік істерді қарастыру кезінде 69 құқық бұзушыға қатысты мінез-құлқына ерекше талаптар қойды. 






Фото: ашық дереккөз
Загрузка...