Қандастарға виза қандай тәртіп арқылы беріледі?

4 Тамыз 2020, 21:09
1399
Бөлісу:
Қандастарға виза қандай тәртіп арқылы беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Көші-қон комитеті қандастарға мәлімдеме жасады, деп хабарлады "Отандастар" қоры. 

Қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының 49-тармағымен (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы) "С9" санатындағы білім алуға арналған виза Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында оқып жатқан адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі, - делінген хабарламада. 
Сонымен бірге, қағидаларымен визаның қолданылу немесе болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық мән-жайлардың, рейстің, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімінің кідірген жағдайларында "В20" санатындағы виза беруді қарастырады.
Жоғарыда аталғанды ескере отырып, көші-қон мәртебесін реттеу үшін шығу визасын ресімдеу үшін көші-қон қызметінің аумақтық басқармасына жүгіну керек.Құрметті қандастар, Қазақстан азаматтығы жоқ ұлтты қазақ студенттердің елде болу мерзімін ұзарту туралы тағы да сұрақтарыңыз болса, 1404 нөміріне хабарласуға болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы