Бас жаңалықтар
Анталияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді
15 Тамыз 2020, 12:27 191

Анталияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген деп жазады Olympic.kz.

Коронавирус індетіне байланысты садақ атудан биылғы маусым толықтай тоқтатылды. Әлем кубогі кезеңдері мен құрлықтық чемпионаттар өткізілмейді. 

Бірақ әлемдік ұйым спортшылардың біртіндеп жарыс алаңына оралуын ұйымдастыруды көздеген. Сол себепті, 2-4 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында садақ атудан рейтингілік халықаралық турнир өтеді. 

Ұйымдастырушылар жарыс кезінде барлық қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға міндеттелген. Жалпы алғанда, рейтингілік турнирлер шымылдығы 1 қыркүйекте түріледі. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...