Антарктида маңында жер сілкінісі болды

24 Қаңтар 2021, 09:54
1854
Бөлісу:
Антарктида маңында жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Америка мен Антарктида арасында орналасқан Оңтүстік Шетланд аралдарының аймағында қуаттылығы 7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы РИА Новости Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 23:36-да 40 шақырым тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Чилидің Пунта-Аренас қаласынан 1 328 шақырым және Чилидің Бернардо-О'Хиггинс зерттеу станциясынан 216 шақырым жерде орналасқан.

Чили ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар басқармасы (ONEMI) Чили антарктикалық аймағына цунами қаупі барын жариялады.
Өзгелердің жаңалығы