Бас жаңалықтар
Антисептик шығару ісі – бізге берілген аманат – Мұхит Асанов
PHOTO
30 Маусым 2020, 18:58 63

Антисептик шығару ісі – бізге берілген аманат – Мұхит Асанов

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясында жеке бас гигиенасын сақтау, қолды залалсыздандыру шаралары санитайзерлер мен антисептиктерге сұранысты арттырды. Осы тұста Шымкент қаласынан бөлек, республиканың түкпір-түкпірінен антисептик өнімдерімен қамтамасыз ететін "ӘСЕМ" ғылыми-өндірістік бірлестігін атап өтуге лайық. Еліміздегі индустриалдық-инновациялық саланы дамытудың көрнекі үлгісіне айналған кәсіпорын өнімін пайдаланбаған адам аз. Міне, сондықтан аталған орталық директоры Мұхит Асановпен әңгімелесіп, зауыт жұмысымен таныстық.

 антисептик МҰХИТ АСАНОВ (4).jpeg

"Антисептик – біз шығаратын өнімі қарапайымы"

 

"Ордабасы" индустриалдық аймағында орналасқан "Әсем" ғылыми-өндірістік орталығы 2016 жылы ашылған. Соған дейін "Asem Pharm" зауыты боп жұмыс істеген. Келе-келе стратегиялық жоспарларын қайта қарастырған кәсіпорын ғылыми бағытқа ден қойып, 2016 жылы ғылыми-өндірістік орталыққа айналды.

Бұған себеп, біз ғылымға жете мән беріп, даму стратегиямыздың негізіне ғылымды қостық. Жаңа өнімдерді ойлап табу, ойлап шығару, жаңа құрамын дайындау ісіне көбірек назар аударып, "Әсем" ғылыми-өндірістік орталығы болып қайта құрылдық. Антисептик – біз шығаратын, яғни біз өндіретін өнімдердің ішіндегі ең қарапайымы. "Zhusan Diasept", "Zhusan Diasept Forte" деген екі түрі бар. Бұдан бөлек, 12 түрлі күрделі препарат шығарамыз. Обаға қарсы стансаларымыз, өте күрделі инфекцияларға қарсы препараттарымыз бар. Көптеген ауруханада қолданылатын, ота жасау құрал-жабдықтарын залалсыздандыру, қайта отаға дайындау жұмыстарына қолданылатын өте күрделі препараттар шығарамыз, - дейді Мұхит Асанов.

Оның айтуынша, зауыт антисептик шығару ісіне 2016 жылы кіріскен.

Дегенмен, адамдар коронавирус келгелі антисептиктер жасауға "өте көп тапсырыс алып жүр" деп ойлауы мүмкін. Негізі бұған дейін де осы затты қолданатын мекемелер, ауруханалар, хирургиялық блоктар, емханалардан тапсырыс түсетін. Біз қазіргі кезден де үлкен тапсырыс қабылдауға дайынбыз. Біздің кәсіп саламыз нарықта танымал емес. Айналысатындар аз. Сондықтан да біз өз саламызда өте тез танылдық. Қазір жағдайға байланысты екінің бірі қолдану керек болғандықтан, қарапайым халық арасында таныла бастадық. Негізі біз бұған дейін де бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істедік, - дейді директор.

 

"Мәскеуде филиал ашуды жоспарлап отырмыз"

 

"Әсем" ғылыми-өндірістік орталығына тек ел аумағынан ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан хабарласатындар өте көп.

"Сіздерге дилер болсақ, бізге жеткізу келісімшартын бересіздер ме" деп үлкен корпорациялар хабарласады. Олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Белгілі бір себептерге байланысты, олардан тапсырыс алып, оларға тауар жібермедік. Алдағы тамыз айына дейін Мәскеуден филиалымызды ашуды жоспарлап отырмыз. Сол жақтан бір жылдан бері байланысқа шығып, бізбен келіссөз жүргізіп жатқан адамдар бар. Сондықтан шешім қабылдап, Мәскеуден филиалымызды ашу керек деген шешімге келдік. Біз жалпы тендерге қатысамыз. Ұтып алсақ, жыл соңына дейін игеруіміз керек. Қазір ел аумағында Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларында филиалымыз бар. Солармен тығыз жұмыс істейміз, - дейді Мұхит Асанов.
антисептик МҰХИТ АСАНОВ (2).jpeg

 

"Біздің салада маман тапшы"

 

"Әсем" ғылыми-өндірістік бірлестігінің бір емес, бірнеше кәсіпорны бар. Атап айтқанда, "Asem Pharm", "Asem Medical" сияқты зауыттар жұмыс істейді.

Жалпы алатын болсақ, 50 шақты адам жұмыспен қамтылған. Ал ғылыми-өндірістік орталықта 32 адам қызмет етеді. Біздегі бүкіл бизнеске ең үлкен мәселе: ол – кадр мәселесі. Біздің салада маман өте тапшы. Білетін адам өте аз. Бізге химик, технолог мамандар керек. Медицина қызметкерлері де керек. Осы жерде бір мысал айтқым келіп тұр. Қаныш Сәтпаев атамыз жасы 50 жастан асқан шағында геологияны оқыды. Өйткені, болашақта елге керек мамандық екенін түсінді. Сол сияқты мен де қазір химия, технология мамандығы бойынша докторантураны оқып бітірдім. Өйткені бұл мамандық өте керек екеніне көзіміз жетті. Бұл мамандықты өзіміз кірісіп оқымасақ, бұл мамандықты меңгермесек, болмайтынын түсіндік. Зауытқа кезінде 5 жыл бойына тек технолог маман иегерін таба алмай қойдым. Адамдарды Беларусь, Өзбекстаннан алып келіп, оқыттық. Осындай мәселелерді басымыздан өткердік. Білімге, ғылымға жаңа құрам, жаңа қоспа жағынан технология саласына өте көп көңіл бөліп келеміз. Бізге әлі күнге дейін мамандар қажет. Химик, технолог және лаборант, сату менеджерлерімен қатар экспортқа шығатын мамандар таппаймыз. Мысалы, бір маманымыз қазақ тілінде сауданы жүргізе алса, орыс тілінен шорқақ келеді. Енді бірі керісінше. Бұл тек біздің саладағы ғана емес, бүкіл бизнестегі адамдардың басында бар мәселе. Маман тапшылығын тартып келеміз. Біз жұмыс орнымызда студенттерді тәжірибеден өткізіп, қабылдаймыз. Бірақ белгілі бір деңгейге дейін рұқсат етеміз. Себебі, бізде коммерциялық құпия, технологияның құпиялары бар. Сол дәрежеге дейін өкінішке қарай жібере алмаймыз. Құпия деңгейінде тек өзімізде жұмыс істейтін, келісімшартқа қол қойылған, қызметін өсіргіміз келген маманды жібереміз. Бізде басқа бір жоспарға қойылған заттарымыз болады. Соған технолог дайындау кезінде ғана біз оны оқытамыз. Егер керек болса, шетелге дейін жіберіп, өзіміз төлеп оқытуға дайынбыз. Осылайша, мықты маман, мықты шәкірт тәрбиелеуге дайынбыз. Сол үшін адам білімді, және үйренуге деген құштарлығы мен мамандығына деген сүйіспеншілігі басым болу керек. Бізде ең төменгі айлық 100 мың теңгеден басталады. 800 мың, 1 млн теңгеге дейін айлық алатын мамандарымыз бар, - дейді орталық директоры.
антисептик МҰХИТ АСАНОВ (5).jpeg

 

"Антисептик шығарудың қатаң талабы көп"

 

Мұхит Асанов осы фармацевтикаға келгенге дейін спорт саласында қызмет еткен.

Әуел баста спорт саласының маманы болдым. 7-8 жыл спорт саласында жүрдім. Содан кейін фармацевтикалық бизнесте тағы 7-8 жыл жұмыс істедім. Одан кейін барып, 2012 жылы жеке кәсіпті ашып, "Asem Pharm" компаниясынан бөлек кеткеніміз бар. Өзім шетелдік мықты компанияларды басқардым. Сондықтан бірінші кезекте статистиканы қараймыз. Сол жерде әлемдік тенденцияны бүкіл анализді өзім жасап отырғандықтан, инфекциялық ауруларды көбірек зерттеп қарадық. Сонда инфекция ауруы өлім бойынша екінші орында тұр екен. Әлем бойынша. Қазақстанның да жағдай мәз емес. Дәл осы салаға қарайтын болсақ: дамыған және дамушы елдер болып екіге бөлінді. Дамушы елдерде бұл өлім бірінші орында тұр. Дамыған елдерде екінші орында тұр. Неге екінші орында, себебі олар дезинфекциялық құралдарға өте көп ақша бөледі. Қазір біз коронавирус кезінде ғана барлық магазинге антисептик қойып жатырмыз. Бұл Еуропада баяғыдан бар. Сондықтан бұл - Қазақстан үшін және біз үшін де өте өзекті. Осы салада бизнес жасауға кәдімгідей мақсат қойып кіріскенбіз. Басында 3-4 жыл Ресейдің үлкен зауытының Қазақстандағы өкілі болдық. Сол зауыттың өнімдерін алып келдік, осында таныстырдық. Жұмысын жүргіздік. Кейін стратегияға байланысты 2016 жылы сол зауытты қойып, қазір шетелдіктер, ресейліктер біздің өнімдерге сұраныспен кіріп отыр. Қазір антисептік өндірісі көбейіп кетті. Бұрын антифриз шығарып отырған мекемелер антисептик шығарып кетті. Оның өзінің талаптары бар. Талабы өте көп, - дейді директор.

 Антисептик шығарудың сан талабы бар екенін айтхан Мұхит Асанов сол талаптарды да атап өтті.

Біріншіден, құрамына, қорабына т</text:span> алаптары бар. Екіншіден, оның мемлекеттік болуы керек. Тіркеуден өту керек. Бұлар бір сертификат алып сатып жатыр. Ол антисептик деп аталады, бірақ документте косметикалық құрал деп тұр. Қандай да бір жерден антисептик алу үшін алдымен мемлекеттік тіркеуден өткен сертификатын сұрау керек. Сол тіркеуде зертхана, токсикологиялық тексерістен өткен өнімдерге ғана сертификат береді. Сертификат кедендік одақ аумағындағы мемлекеттерге беріледі. Кедендік одаққа кіретін кез келген мемлекет аумағында сатуға рұқсат алады. Сондай сертификаты болу керек. Сол затта дезинфекциялық құрал деген жазу болу шарт. Ал қазіргі сатылып жатқан антисептиктер - косметикалық құрал, - деді Мұхит Асанов. 
антисептик МҰХИТ АСАНОВ (1).jpeg

 

"Өнім қуаттылығын 4 тоннадан 10 тоннаға жеткіздік"

 

Мұхит Асанов ел басына күн туғанда елге қажет кәсіппен айналысып жатқанын мақтан тұтады. Антисептик шығарып, табысқа кенелуді емес, ең алдымен көпшілікке қажет іспен айналысуды мақсат етеді.

Антисептик шығарғанда пайда табуды бірінші орынға қоймадық. Ел басына күн туған кезде біздің кәсібіміз елге қажет болғанына және біз өзіміздің парызымызды орындауға мүмкіндік берілді. Бұл жағдайды біздің салаға деген аманат деп қабылдадық. Оған дейін басқа облыстармен көптеген келісімшартымыз болған. Сол жақтан бізге өте ірі көлемде тапсырыс келіп түсті. Олардың бәрін өкінішке қарай қабылдай алмадық. Себебі біз Шымкент қаласы мен Түркістан облысын антисептикпен қамтамасыз етеміз деп әкімдермен келістік. Өйткені біз осы құралды шығаратын жалғыз зауытпыз. Антисептик шығаратын кішкентай цехтар бар. Бірақ антисептик жасаудың өзіндік талаптар бар. Сол талаптарды орындап, кәсіби деңгейде жұмыс істеп тұрған бір ғана зауыт болғандықтан бізге сенім артты. Сондықтан біз бұл жағдайды аманат деп қабылдап, 4 тонна өнім шығаратын зауыт қуаттылығын 10 тоннаға дейін арттырдық. Бір зауытты тек антисептік жасайтын етіп қойдық. Содан басқа 27 түрлі зат шығарудың бәрін тоқтатып, тек осы антисептик шығарумен айналыстық. 3 ауысыммен жұмыс істедік. 32 адам жұмыс істеді. Бәрімен күнделікті жиналыс жасап, оларға бұл жағдай пайда емес, ел алдындағы біздің азаматтық борышымыз екенін түсіндірдік, - дейді Мұхит Асанов. 

"Пайда емес, ар ойла" дегендей "Әсем" ғылыми-өндірістік орталығы сұраныс көбейсе де бағаны өсірмепті.

Біз 1 литріне 4 800 теңге деп баға қойдық. Бұл баға да әкімдікпен келіскен тұрғыда қойылған баға болды. Елімізде осы бағытта жұмыс жасайтын бізден басқа 5 зауыт бар. Олардың қойған бағалары 8000 теңгеден басталып 16 000 теңгеге дейін жетті, себебі спирттің бағасы өсіп кетті. Бізде қоспа тапшылығы болды. Ресейден алатын көптеген қоспамыз тоқтап қалды. Соның аналогтарын алайын десек, өте қымбат. Осындай себептермен өзіндік құны өте өсіп кетті. Сонда да біз "аманат" деп қабылдағандықтан төтенше жағдай соңына дейін сол бағада ұстап, сол бағамен қамтамасыз еттік. Енді бізден алып сатып жатқан мекемелер көп. Оларға біз "бағасын өсір", "өсірме" деген сияқты талап қоя алмаймыз. Олардың қаншамен сатып жатқанына да араласа алмаймыз. Енді біз адамдарға қолайлы болу үшін тіке өзімізден сатып алуға болатындай мүмкіндік жасап қойғанбыз. 10 тонна алса да, 1 литр алса да, бұл адамдарға бір бағада сататынымызды ескертейін. Көп алсаң, арзандатамыз, аз алсаң қымбаттайды деген шарт жоқ. Біздің сату бөлімімізге келіп, алып кетуіңізге мүмкіндік бар, - дейді директор.


Фото: дереккөз
Загрузка...