Антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды – Көшербаев

27 Қараша 2020, 11:29
1266
Бөлісу:
Антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды – Көшербаев
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз мемлекетін өгей етіп көрсетуге тырысатын антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайтынын айтты.

Байтақ еліміздің болашағын баянды етуге қалтықсыз қызмет ету әрбіріміздің борышымыз. Әрине кез келген мемлекет өзінің даму жолында барша азаматтың қабілеті мен қарымына, әлеуеті мен құқығына мән беріп азаматтық қоғамды ұйыстыруға бағытталған байыпты саясат жүргізгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізетіні белгілі. Бұл орайда тәуелсіздік жылдарында елімізде азаматтық қоғамның орнығуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз еңбек сіңірсе, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы игілікті жұмысты жалғастырып жатыр. Ол үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызмет атқаруына жол ашып отыр, - дейді Қырымбек Көшербаев.
Оның айтуынша, жалпы «мемлекет» деген ұғымның өзі тағдыры мен талайы, мүддесі мен мүмкіндігі тоғысқан азаматтардың топтасуынан құралады. 

Антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды – Көшербаев
Сондықтан азаматтық қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімде және өрелі үндестікте өмір сүруіне мейлінше мүмкіндік беруіміз керек. Біз мемлекет пен қоғамның арасына ала жіп тартып, араздастыруды мақсат тұтатын бәз бір қағидаларға мүлдем қарсымыз. Сондай-ақ өзі таңдаған қоғамда өмір сүре отырып, өз мемлекетін өгей етіп көрсетуге тырысатын антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды, - дейді мемлекеттік хатшы.
Айта кетейік, елордада 23 қарашадан бері «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форум өтіп жатыр. 

IX Азаматтық форумның қатысушыларының қатарында қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы – ел бойынша жалпы саны 500 астам адам бар.

Антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды – Көшербаев


Өзгелердің жаңалығы