Бас жаңалықтар
АҚШ-та жүрген 50-ден астам студент елге қайтарылды
25 Наурыз 2020, 16:10 190

АҚШ-та жүрген 50-ден астам студент елге қайтарылды

Алматы, BAQ.KZ. Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірқатар халықаралық әуе рейсінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. 

Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды, - деді Сыртқы істер министрлігінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан аман-есен елге оралған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...