Әр ұстаз «Педагог мәртебесі туралы» Заңды білуі және қолдануы керек - Бимендина

17 Мамыр 2021, 17:58
3090
Бөлісу:
Әр ұстаз «Педагог мәртебесі туралы» Заңды білуі және қолдануы керек - Бимендина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Холдингі президентінің кеңесшісі Асима Бимендина «Педагог мәртебесі туралы» Заң нормаларының іске асырылуы» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Әр ұстаз «Педагог мәртебесі туралы» Заңды білуі, оқуы, қолдануы керек. Өйткені бұл заң арнайы педагогтарға арналған. Педагогтарды қорғау үшін жазылған, - деп ол атап өтті.

Оның сөзінше, бұл заңда көптеген сұрақ көтерілген.

Сондықтан осыны (Заңды – Baq.kz) ұмытпау керек. Ол үшін мектеп, балабақша басшылары ақпараттық жұмысты өткізулері қажет деп ойлаймын, - деді Асима Бимендина.

Ол қалалық кеңестің мүшесі. Сондай-ақ білім саласында көп жыл жұмыс істеген маман екенін атап өтті.

Бұл жоба қазір пилоттық жоба ретінде өтіп жатыр. Бұл министрдің елордалық департаментке берген ерекше жобасы. Әр қалалық кеңес мүшелері берілген тапсырмаларды орындап, ұстаздармен кездесіп, көтерілген сұрақтарды қарастырып, толыққанды жұмыс істеп келеді, - деді кеңес мүшесі.

Оның сөзінше, әр балабақша, мектеп, колледж базасында ұйымдық кеңестер ашылған.

Ең негізгі мәселе – бұл кеңестер жұмыс жасауы керек. Бұл - алдымызға қойған мақсатымыз. Әр педагогтың жұмыс орнында жұмысы да, көңілі де, беріп жатқан білімінің сапасы да дұрыс болса, онда ол ұйымда сұрақтар көтерілмейді. Сол себепті әр сұрақты дұрыс қарап, көңіл бөлу қажет, - дейді Асима Бимендина.
Өзгелердің жаңалығы