Қарағанды облысындағы жолдарды қайта жаңарту жұмыстары тексерілді

30 Мамыр 2020, 15:44
1209
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы жолдарды қайта жаңарту жұмыстары тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев "Теміртау – Қарағанды" жолын, "Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс бұрма жолын" және "Қарағанды – Балқаш" жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Қарағанды облысына барды.

Берік Қамалиев өңірдегі қайта жаңарту жұмыстарынан өтіп жатқан жол учаскелерінде болып қайтты. Мұнда сондай-ақ "QazAvtoJol" ҰК" АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысқан кеңес өткізілді.

Вице-министр жобалар бойынша жол учаскелерінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын бастау мерзімін нақтылап, жолдарда қозғалысты биыл ашуды жүктеді.

Айта кету керек, ұзындығы 363 шақырымды құрайтын "Қарағанды – Балқаш" жолы көлік басқарушыларға Курминка, Ақшатау, Ақсу-Аюлы елді мекендері мен Балқаш қаласын айналып өтуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын "CITIC Cinstruction Co.Ltd" және "КазГерСтрой" компаниялары жүргізіп жатыр. Жұмыстардың сапасын "Жол-Жоба KZ", "АрсНабиК" және "СтройСервисГарант" компаниялары бақылауда.

Жобаға сәйкес автомобиль жолы реконструкциядан өткен соң, көлік қозғалысына арналған 4 жолағы бар І техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың төменгі қабатымен көлік басқарушылар биылдың өзінде жүре алады деп жоспарланған. Тасжолды қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде. "Теміртау – Қарағанды" және "Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс бұрма жолы" жобалары биыл аяқталмақ.

Өзгелердің жаңалығы