Бас жаңалықтар
Қарағанды облысының әкімі халық алдында есеп береді
19 Ақпан 2020, 12:21 293

Қарағанды облысының әкімі халық алдында есеп береді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 5 ай бұрын Мемлекет басшысының жарлығымен Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалған Жеңіс Қасымбек бүгін халыққа есеп береді. Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған істерге есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөліспек.

Өңір басшысының халықпен есептік кездесуі С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында, сағат 15.00-де өтеді деп жоспарланған.

Әкімнің есеп беруін Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан және Saryarqa телеарнасынан тікелей эфирінен көріп, 42-40-13, 42-40-06, 42-40-03 нөмірлері бойынша жедел желіге хабарласуға болады.

Бұған дейін Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңестің алдандағы есеп беруінде өндіріс көлемі 3,2%, ауыл шаруашылығы 2,3% артқанын айтқан болатын. Өткен жылы аймаққа 800,4 млрд көлемінде инвестиция тартылған. Тұрғын үй құрылысы саласы да ілгерілеп, 421 мың шаршы метр үй пайдаланылуға берілген. Жұмыссыздық 4,4 пайызға төмендеп, орташа жалақы көлемі 15,3%-ға артқан. Кәсіпкерлікпен айналысатындар қатары көбейіп, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 83,4 мыңға жетті. Бизнесті қолдау нәтижесінде 32,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Жол саласында да ауқымды шаралар жасалып, "Нұрлы жер" бағдарламасы іске асырылған бес жыл ішінде облыстағы 12,5 мың шаршы шақырым күре жолдың 4 мың шақырымға жуығы жөнделген. Бүгінде облыста Елбасының елді газдандыру бастамасы қарқынды жүзеге асырылуда.

Жеңіс Қасымбек облыстың осы және басқа салалардағы ілгерілеушіліктерін тұрғындарға баяндап, сұрақтарына жауап беруге әзір.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...