Бас жаңалықтар
Қарағандыда балалар теміржолын іске қосуға дайындауда
28 Мамыр 2020, 02:40 204

Қарағандыда балалар теміржолын іске қосуға дайындауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда балалар теміржолын іске қосуға дайындап жатыр. Аттракцион қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми интернет сайтында жазылды.

 

Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы қызметкерлері тепловоздың дизельді қозғалтқышына профилактикалық жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жарамсыз болып қалған шпалдар ауыстырылып, бағыттамалы бұрмада жаңа контррельс орнатылды.
Вагондардың сыртын бояу жұмысы ғана қалған. Олардың іші қалыпқа келтірілген. Біз алғашқы сынақ рейсін жасадық, ол барлық тетіктердің дұрыс жұмыс істейтінін көрсетті, - деді ТЖД бастығы Виктор Луценко. 

Балалар теміржол станциясы орталық саябақтың түпкір бөлігінде орналасқан. Биыл саябақ аллеясында аттракционды оңай табуға көмектесетін жаңа көрсеткіштер орнатылады.





Фото: дереккөз
Загрузка...