Бас жаңалықтар
Қарағандыда көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ
29 Наурыз 2020, 20:14 605

Қарағандыда көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ертеңен бастап Қарағанды аймағында карантин режимі енгізілуіне байланысты қала тұрғындары бірқатар шектеулерге тап болады. Дегенменде бұл аймақ толық жабылады деген сөз емес.

30 наурыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалаларында карантин режимі енгізіледі. Қарағанды облысының бас санитары Қанат Асқаровтың мәлімдеуінше, аймақтың бес қаласында карантин енгізілгенімен көлік қозғалысына шектеу болмайды.

30 наурыз 00.00 сағаттан бастап қаулыға сай карантин аймағының талаптарын орындау шаралар белгіленген. Сонымен қатар, арнайы рейстерге шектеу қоймастан авто және теміржол вокзалдарын, әуежайды жабу жөніндегі мемкомиссияға өтініш жіберіледі. Сондай-ақ қоғамдық көлікті шектеу және карантиндік аймақты толық қоршауды қамтамасыз ету туралы өтініш жасайтын боламыз, - деді Қанат Асқаров.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгін WhatsApp мессенджерінде таралған №7 құжат тек жоба болған, ондағы ақпарат шынайы емес. Олыстың бас санитарының №8 қаулысы бойынша бүгін түнгі 00.00-ден бастап аталған бес қаланың тұрғындарына отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топпен жиналуға тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа бару қажеттілігін қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды. Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға тыйым салынады. Карантин режимі уақытындағы басқа да шектеулерді Қарағанды қаласының әкімі хабарлаған болатын.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, карантиндік қалалар арасындағы көлік қатынасы әзірге тоқтатылған жоқ. Сондай-ақ авто және теміржол вокзалдарының, әуежайдың және қоғамдық көліктің жұмысын шектеу қойылатын болса және карантиндік аймақты толық қоршалатын болса халыққа алдын ала хабар беріледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...