Бас жаңалықтар
Қарағандыдағы ірі сауда үйлері уақытша жабылды
20 Наурыз 2020, 17:47 299

Қарағандыдағы ірі сауда үйлері уақытша жабылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында қабылданып жатқан шаралар негізінде облыс орталығындағы бірнеше сауда үйін уақытща жабу жайлы шешім шығарылды. ЦУМ, Таир, Абзал сауда үйлері 15 сәуірге дейін жұмыс істемейді.

Азық-түлік сатпайтын бутиктер орналасқан сауда орындарын төтенше жағдай кезінде уақытша жабу жайлы шешім шығарылған. Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның айтуынша, уақытша жабылған сауда үйлеріндегі бутиктердің иелерін төтенше жағдай кезінде жалға алу құнын төлеуден босату қарастырылған.

Дәріханалар мен азық-түлік сататын орындардың жұмысына шектеу қойылмайды. Олар таңертеңгі 10.00-нан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал қалған бутиктер жабық болады. Ірі сауда үйлерінің иелерімен келіссөзге келдік. Олар төтенше жағдай кезінде уақытша жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлерден жалға беру құнын алмайды,- деді Татьяна Аблаева.

Оның айтуынша, облыстағы бірінші кезекте қажет тамақ өнімдерінің қорында бір айға жететін азық-түлік бар. Дүкендер мен супермаркеттердің сөрелерінде азық-түлік өнімдері таусылса, уақытылы толықтырылып отырады.

Еске салайық, бүгін таңертең ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысында 2 адамның індет жұқтырғандығын хабарлады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сырқаттанған екі адам 18 наурыз күні Қарағандыға Минсктен ұшып келген. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғындары емес. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бордта болған жолаушыларды қарсы алу және оқшауландыру кезінде санитарлы талаптар қатаң сақталған, вирустың қалаға таралу мүмкіндігі болмаған. 

Сондықтанда, қазіргі уақытта Қарағанды облысында карантин режимін жариялауға негіз жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласына қонуы тиісті болған әуе кемесі елордадағы карантинге жатқызу мәселесінде қиындық тууына байлансты Қарағандыға қонған. Минскіден ұшып келген бортта 67 жолаушы болған.

Олардың барлығы бірден 14 күндік карантинге жатқызылды. Карантиндегі студент қыз оқшауландыру қалай өтіп жатқандығын айтса,  оның анасы дәрігерлерге алғысын жеткізген болатын.


Фото: автордан
Загрузка...