Қарағандыда "Жас кәсіпкер мектебінің" қорытындысы шығарылды

11 Желтоқсан 2019, 02:27
5656
Бөлісу:
Қарағандыда "Жас кәсіпкер мектебінің" қорытындысы шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба биылғы жылдың 3 желтоқсанында басталды. Осы уақыт аралығында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында 65 адам оқудан өтті. Оларға бизнесті жүргізудің заңды, экономикалық және әлеуметтік аспектілері туралы, маркетинг, менеджмент негіздері бойынша сабақ берілді, бизнес-жоспар жасау үйретілді.

Әр оқушы өзінің бизнес-жобасын әзірледі. "Бизнес-идеялар жәрмеңкесі" байқауының 12 үздігі іріктеп алынды. Олардың қатарында кітап кафесінің, балалар кафесінің, дұрыс тамақтану орталығының жобасы, зияткерлік орталық құру, жабық футбол манежінің құрылысы, мобильдік қосымшалар және т. б. бар.

Идея авторлары қабылдау комиссиясының мүшелеріне өз стартаптарының пайдалылығын дәлелдеп, оған Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының мамандары, өңірдің табысты бизнесмендері, мемлекеттік органдар мен "Даму" қорының өкілдері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия төрт үздік жобаны таңдады. Андромед Байзыкен және Сабина Болат балалар сұлулық салоны жобасымен бірінші орынға ие болды. Екінші орынды химиялық тазалау ашқысы келетін Айбибі Төлеуова иеленді. Үшінші орынды Камила Әлиасқарова жабық футбол манежін салу идеясымен және Артем Вишневский, Кирилл Прямоносов, Мұстафа Тәңірберген, Әділ Қанатбеков толығатын шикізаттардан қағаз өнімдерін өндіру жобасымен бөлісті.

Барлық жоба кейіннен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар мен басқа да қаражатты алу үшін ұсынылатын болады. Қалған қатысушыларға арнайы номинация бойынша марапаттар табыс етілді.

 

Өзгелердің жаңалығы