Бас жаңалықтар
Ардагерлерді қуантатын жаңа заң жобасы қабылданды
01 Сәуiр 2020, 12:57 910

Ардагерлерді қуантатын жаңа заң жобасы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Осы заң жобасын таныстырған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, негізгі мақсат – ардагерлерді әлеуметтік қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді жүйелеу, қайта қарау және ардагерлердің жаңа санаттарын қалыптастыру. 
Біріншісі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл санатқа Ұлы Отан соғысының қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері жатады. Екіншісі, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер.Заң жобасына сәйкес, оларға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларының сыртқы қорғанысын күшейтуге қатысқан, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге, Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингенке кіретін азаматтар санаты жатады, - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, үшіншісіне, әлеуметтік көмекті Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген азаматтар, "Құрмет", "Даңк", ІІІ дәрежелі "Еңбек" даңқының орденінің иегерлері, Қазақстанның Еңбек ері атағына ие болған азаматтар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, әскери қызмет атқарған және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық ерлігі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО ордені және медальдермен марапатталған адамдар енген.

Сонымен қатар заң жобасында ардагерлерге қатысты әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
Министрлік өз кезегінде қызмет түрлерін ардагерлерге көрсетуді белсендендіру бағытында құқықтық актілерге толықтырулар енгізіп, ардегерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, кәсіподақтарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті жұмыстар атқаратын болады. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша заң жобасында қолданыстағы заңнаманың ескірген және тәжірибелік мәні жоғалған нормалар алып тасталды, - деді ол.

Одан бөлек, ардагерлер тұрғын үй заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бірінші кезекте пәтер пайдалану құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар оларды біржолғы бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі керек. 
Жеке тұрғын үй салу үшін біржолғы бірінші кезекті жер учаскелерін алу құқығы, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан пәтерлердің еліміздің тұрғын үй заңнамасына берілген тәртіппен меншігіне беруі қарастырылады.Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтуі қажет, - деді Біржан Нұрымбетов.
.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...