Арендалық баспананың төлемі қалай және қашан субсидияланады?

7 Қыркүйек 2020, 16:00
2247
Бөлісу:
Арендалық баспананың төлемі қалай және қашан субсидияланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Президенттің Жолдауын жүзеге асыру аясында осы жылдың желтоқсанын айының соңына дейін арендалық төлемді субсидиялаудың тетіктері әзірленеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде тұрғын үй қорының 30 пайызы арендалық баспана болып саналады. Қазақстанда ол 1,7 пайызды құрап отыр. Қазір 533 мың адам кезекте тұр. Бұл жерде арендалық баспананың жартысын субсидиялау көзделген. Бүгінде оның көлемін біз мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз. Ол 70-80 пайыз болуы мүмкін, - деді ол. 

Министр қолдауды мекен жайын «Отбасы банк» жүзеге асыратынын айтты. 

Ол кезеңте тұрғандардың бірыңғай реестрін жүзеге асырады. Табыс көлемі күнкөріс минимумына сәйкес келуі керек. Бүгінде ол отбасының әр мүшесіне 32 668 теңгені құрап отыр. Жалға берудің мерзімі 5 жылға дейін болады. Орташа көлем 60 шаршы метрді құрайды. Көлем  40-80 шаршы метр аралығында есептеледі. Әрбір аймақта өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, жеке баға бекітіледі. Қазір мемлекеттік органдармен бұл мәселені талқылап жатырмыз, - деді ол. 

Министр жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нақты тетіктер анықталатынын айтты. 

Бұл қаулыны Үкіметте қабылдаймыз. Оған дейін оны мемлекеттік органдар ғана емес, жұртшылық та талқылайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы