Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскен

18 Қазан 2020, 14:15
1295
Бөлісу:
Арменияда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияда елдегі тұрақсыздық пен індет қатар өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Республикада тамыз-қыркүйек айларындағы тыныштықтан кейін вирусты жұқтырғандар саны күрт өскен. Соңғы екі күнде вирус 1 жарым мыңнан астам адамнан анықталды. 11 науқас қайтыс болды. 

Дерттің ең көп таралған мамыр-маусым айларында елде төтенше жағдай енгізіліп, адамдардың жүріп-тұруы шектеліп, оқу орындары жабылған еді. Бірақ осыған қарамастан Армения денсаулық сақтау саласы індетке төтеп бере алмай, ауруханалар науқастарды емдеп үлгермеп еді. Салдарынан Арменияға Ресей және Франция дәрігерлері көмекке барды. Мамандар елде осы жағдай қайталана ма деп алаңдап отыр.

Өзгелердің жаңалығы