Арыста 2 мың адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба іске қосылады

24 Қараша 2020, 21:37
1296
Бөлісу:
Арыста 2 мың адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында 2020 жылдың 10 айында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 12 млрд 118 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінмен салыстырғанда 133,9%  артты. 

Ал келесі жылы өңірде жалпы құны 101 млрд. 110млн. теңгелік 5 жоба іске қосылып, жаңадан 1838 жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. 

Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Тансари Трейдинг А» ЖШС-ң жалпы құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын «Бақша дақылдары мен жемістерді сақтау және жоғары сапалы тамақ өнімдерін қайта өңдеу» жобасын 2021 жылы іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында  153 адамды тұрақты, 300 адамды уақытша жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, «Қамқор Қазақстан» АӨК-ң жалпы құны 1 млрд 700  млн теңгені құрайтын құрама жем шығаратын зауыт құрылысының жобасын келесі жылы іске асыру жоспарланған. Жоба аясында  20 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қатар, «Kazgreenteksolar» ЖШС-ң жалпы жалпы 2 млрд 500 млн теңгені құрайтын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіру жобасын 2021 жылға іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар, «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-ң жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу зауыт құрылысының жобасын алдағы жылы іске асыру жоспарланған. Жоба аясында тұрақты 112 жұмыс орны ашылатын болады, - деді Мұрат Болатұлы. 

Қала әкімі алдағы жылы қолға алынатын жобалардың қатарында «Түркістан Агро» ЖШС-ң құны 8,5млрд. теңгені құрайтын 3000-10000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңының құрылыс жобасын атап өтті. Онда 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Қазіргі таңда онда электр энергиясын тарту жұмыстары жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы