Асанғазы: Қазақшаға ыңғайы жоқтарды басы алтын болса да, директорлыққа қоймау керек

11 Қыркүйек 2020, 17:19
23999
Бөлісу:
Асанғазы: Қазақшаға ыңғайы жоқтарды басы алтын болса да, директорлыққа қоймау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн өткен дөңгелек үстел барысында орысша оқытатын білім мекемелеріндегі қазақ тілі мәселесін көтерді.

Орыс мектебінің өзінде сыныптан тыс, дәліздегі әңгіме қазақша болуы керек. Мақұл, біз бір мектеп емес, төрт бұрышына төрт мектеп қалдырайық. Қалғандарының барлығы қазақ мектебі болуы керек. Мектептерді қазақшалау үшін ата-аналармен мектеп жұмыс істеуі керек. Отбасыны кім тәрбиелейді? Отбасыны ұстаз тәрбиелейді. Ұстаз беделі бұйрықпен, заңмен келмейді. Оның беделі білімінің жоғары екенін ата-ана алдында дәлелдейді, - деді ол. 

Оразкүл Асанғазы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке өтініш жасады. 

Емтихан алатын болса, орыс тілі сыныбында отырған 90 пайыз қазақтың 9 ауыз сөз қазақша білмейтіні бар. Зияткерлік мектептің орыс тілі сыныбында отырғандардың арасында қазақша бір сөз білмейтін оқушылар бар. Мен колледждердің аккредиттеу кеңесінің мүшесімін. 50 топта бір қазақ тобы жоқ колледждер бар. Сонда ол оқытып шығарған дәрігер, слесарь, мал дәрігері қашан қазақша үйренеді? Сол кезде үйренбегенде, - деді ол. 

Қоғам қайраткері Білім және ғылым министрі тілді жөнге қою үшін істейтін жұмыс бойынша бұйрық шығаруы керегін айтты. 

Орыс мектебінің де, аралас мектептің директоры де қазақша білуі керек. Бұйрық шығармаса, үндемейді. Сөйлескенде қазақшаға ыңғайы жоқ директорларды басы алтын болса да, директорлыққа қоймау керек. Ұлтжанды емес адамды директорлыққа мүлдем отырғызбау керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы