Бас жаңалықтар
АШМ: 8 құс фабрикасы мен 3 ет комбинаты іске қосылады
03 Маусым 2020, 12:09 145

АШМ: 8 құс фабрикасы мен 3 ет комбинаты іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрліктің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Коронавирус пандемиясына байланысты ағымдағы жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болғанын көрсетті. Биыл қазақстандық ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға дейін жеткізілді, - деді ол.
Министрдің мәлімдеуінше, рентабельділігі жоғары дақылдардың егіс алаңдары кеңейтілді.
Бұл ретте егіс алаңдарының құрылымында мынадай рентабельділігі жоғары дақылдардың: майлы дақылдардың 122,2 мың гектарға (3 млн га дейін жеткізу), азықтық дақылдардың 308,6 мың гектарға (3,6 млн га дейін жеткізу), көкөніс-бақша дақылдарының 11,5 мың гектарға (272,6 мың га дейін жеткізу), сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие қарақұмықтың 30,9 мың гектарға (99,2 мың га дейін жеткізу) өсімі қамтамасыз етілді, - деді Омаров.
Сапархан Омаров жалпы, жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3,1 трлн теңгеге (НКИ – 2,5%), яғни, жоспарланған индикаторларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болады, мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады немесе реконструкциядан өтеді. Бұл импорт үлесін 44%-дан 39%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлық сүт фермасын салу жоспарланды. Ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады, - деді ол.
Сонымен қатар, министр субсидиялау және кредит беру тетіктерін жетілдіру есебінен сүт өңдейтін кәсіпорындар мен ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі ұлғайтылатынын айтты.
Жоғарыда көрсетілген шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін (НКИ – 4,2%) өсіру қамтамасыз етілетін болады. 2020 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы міндетті заңнамалық сақтандырудың күші жойылып, орнына агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа күн тәртібі шеңберінде аталған барлық тәсілдемелерді іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, саланың серпінді және үдемелі дамуын қамтамасыз етеді, - деп түйіндеді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...