«Ашық үкімет» қалай түрленеді?

17 Қыркүйек 2020, 11:21
3292
Бөлісу:
«Ашық үкімет» қалай түрленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссияның отырысы барысында  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Диас Қазбекұлы айтты. 

Біздің министрлік ашықтық принципін ұстанғандықтан комиссия отырысының барлығы тікелей эфирде  өтеді. Отырысымызды бастамас бұрын комиссияның  жаңа мүшесі ішкі істер министрінің  орынбасары Сәрсен Сәкеновты таныстыруға рұқсат етіңіздер. Жалпы бүгін отырысымызға комиссияның 18 мүшесінің 16-сы қатысып отыр. Күн тәртібінде 4 мәселе қарастырылады, - деді ол.
«Ашық үкімет» порталдарын дамыту және танымал ету бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Диас Қазбекұлы баяндама жасады. 
«Ашық үкімет» порталында мемлекеттік органдардың 8 сервисі модификацияланды. 27-сіне интеграция жасалды. Модификациялардың ішінде ашық нормативтік-құқықтық актілердің мерекелік және ауыстырылған жұмыс күндерін енгізу үшін күн тізбесін әзірлеу, меморган басшыларының блоктарының ашық мәліметін архивтеу сынды жұмыстар жүргізілді, - деді ол. 

Оның айтуынша, қазір интеграцияларды түрлендіру жұмыстары жүріп жатыр. 

«Е-қаржымині» ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру жұмысы 90 пайызға аяқталды. Толықтай аяқтау үшін аймақтық қазынашылық кодтарды әзірлеу жұмысын бітіру керек. Жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы