«Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен – Балаева

17 Қыркүйек 2020, 11:28
1229
Бөлісу:
«Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты. 

«Ашық үкімет» бойынша баяндамашы айтқан дүниелердің барлығын жетілдіру керек. Өзіміз көріп отырмыз, «Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен. Оны мойындауымыз керек. Тек басшылардың блок-платформаларына келген өтініштер 27-ден 37 мыңға дейін өскен. Алайда бұл барлық басшыға қатысты деп айта алмаймыз. Оның себебі порталдың техникалық кемшіліктері мен заңнамалардың олқылықтары. Бұл мәселені жетілдіру керек, - деді ол. 

Министр қоғамдық институттар да қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін айтты. 

Бірінші кезекте өзімізге тікелей тәуелді сұрақтарды шешуіміз керек. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға барынша атсалысуымыз керек. Мұның барлығы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру қажеттілігі бар деп санамаймын. Оған біздің министрлік өз тарапынан атсалысуға және жұмыс істеуге дайын, - деді Балаева.

Өзгелердің жаңалығы