Қашықтан оқытуда қатып қалған сабақ кестесі жоқ – БҒМ

5 Сәуір 2020, 13:28
1724
Бөлісу:
Қашықтан оқытуда қатып қалған сабақ кестесі жоқ – БҒМ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мұндай жағдай мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтады.

Вице-министр онлайн-брифинг барысында қашықтан оқытуда қатып қалған сабақ кестесі болмайтынын, әр мектеп директоры мен оқытушының меңгерушісі мұндай кестені жасамайтынын мәлімдеді. 
Мектептегі әр мұғалім ІV тоқсанның 7 оқу аптасындағы  әр сыныпта неше сағат бар екенін жақсы біледі. Сондықтан мұғалім өзі үшін осы сағаттарды белгілеп, оқушыға қанша оқу материалын беру керектігін де біледі. Директор мен оқушының меңгерушісі күнделікті мұғалімді мазалап, "қандай сабақ өткіздің, не орындалды" деген сияқты есепті талап ете алмайды. Қашықтан оқыту жағдайында оны талап етуге болмайды. Біз толық мұғалімге сенуіміз керек. Мұғалімнің жауапкершілігі өте жоғары. Сондықтан мұғалім сабағын тиісті деңгейде әр оқушымен жүргізе алуы керек,-деді ол. 
Сондай-ақ ол, мұғалім өзінің тұрғылықты жерін, мектептің үлкендігін немесе шағын екенін ескере отырып өзінің сабақ беру жоспарын құратынын жеткізді. 
Негізгі мақсаты оқушыларға оқу материалдарын толық жеткізу. Сондықтан мұғалім мен оқушылар міндетті түрде байланыста болу керек. Сонымен қатар, ата-анамен де байланысу керек. Өйткені оқушылар жас ерекшеліктеріне, физиологиялық тұрғысына орай қашықтан оқытуға дайын болмас. Ата-ана баланың бүгін қанша сабағы бар екенін, үйге қандай тапсырма бергенін біліп отыру қажет. Балалар осы жағдайға қалыптасу үшін бірінші аптада ата-аналар қатты қадағаласа жақсы болар еді. Ары қарай бұл оқушылар үшін үйреншікті жағдайға ауысады,-деді Ш.Каринова. 
Оның айтуынша, Қазақстандағы оқушылардың 2,4 млн-ны интернет платформасында жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Кейбір интернет шектеулі жерлерде телесабақтарды да пайдалана алады. Дегенмен министрлік мына оқушылар телесабақ оқысын, мыналар интернет платфоманы қолдансын деп шектеу қойып отырмағандарын айтты. Егер теледидар арқылы сабақ жүргізем дейтіндер болса бұл нұсқа қолжетімді. 

"Bilimland" жобасының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы 6 сәуірден бастап сайттың жоғары жағында онлайн сабақ деген арнайы парақша іске қосылатынын жеткізді. Онда ата-аналар, оқушылар күнде жаңартылатын сабақ кестесін көре алады. 
Оның сыртында үйжұмысы деген бөлім болады. Ол жерде сол сыныптың өз мұғалімі тиісті тапсырмаларды бере алады. Сондай-ақ "жеке тілдесу" деген бөлім бар. Ол жерде мұғалімдер оқушыларымен тікелей байланысқа шығып, қажет болса қосымша тапсырма беріп және олардың қай уақытта кіргендерін бақылап отыра алады. Бұл жерде таңертең немесе белгілі бір уақытта кіру шарт емес. Интернетке және  компьютер құралына қосымша жүктеме салмай, оқушы да, мұғалім де өзіне ыңғайлы уақытта кіріп көре алады,-деді Р. Кенжеханұлы.



Өзгелердің жаңалығы